КОІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Нариман Абылқасеновтың бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім еткеніндей, жедел-іздестіру іс-шараларының барысында тіркелген 249 фактінің 33-і - есірткіні өткізу, 6-уы - есірткі контрабандасына қатысты болды.
Заңсыз айналымнан есірткінің барлық түрлерінің 126 келіден астамы алынды. Оның ішінде 758 грамнан астамы - ауыр героин.