2010 жылы Корея Республикасында Қазақстан жылы, 2011 жылы Қазақстанда Корея жылы ашылады

None
АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2010 жылы Корея Республикасында Қазақстан жылы ашылмақ. Бұл туралы бүгін Ақордада Корея Республикасы мен Қазақстан арасында болған келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қарым-қатынастарда маңызды сала ? ол гуманитарлық ынтымақтастық. Осы орайда екі ел жоғары оқу орындарының студенттерімен алмасу және мемлекеттеріміздің мәдениетімен, сондай-ақ экономикасымен кеңінен танысу үшін біз келесі жылы Кореяда Қазақстан жылын, ал 2011 жылы Қазақстанда Корея Республикасы жылын өткізуге келістік», деді Мемлекет басшысы.