2010 жылы ҚР Қаржы полициясы бизнеске заңсыз араласудың 106 фактісін анықтады

None
АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - 2010 жылы ҚР Қаржы полициясы бизнеске заңсыз араласудың 106 фактісін анықтады,

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

2010 жылы қаржы полициясымен лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуымен байланысты 106 қылмыс анықталды, бұл санаттағы 87 қылмыстық іс сотқа жолданып, 44 тұлға сотталды», -делінген баспасөз хабарламасында.

Баспасөз қызметінің атап өтуінше, бизнеске заңсыз араласу фактілерін анықтау Қаржы полициясы қызметкерлерінің арасында да жүргізілген. «Өткен жылы аталмыш фактілер бойынша 5 қызметкеріміз қылмыстық жауапқа, 44-і - тәртіптік жауаптылыққа тартылды. Оның ішінде 17 қызметкер лауазымынан босатылды, олардың үшеуі облыстық департаменттің басшылары», - делінген ведомство ақпаратында.