2010 жылы Маңғыстауда 14 006 сәби дүниеге келді

None
АҚТАУ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Анаргүл Жексембай/ - Өткен 2010 жылы Маңғыстауда 14 006 сәби дүниеге келді.

Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 300 сәбиге артық. Қазақстанның өзге қалаларымен салыстырғанда сәбилердің дүниеге келуі жөніндегі көрсеткіштен Ақтау көш бастап тұр. 2010 жылы Ақтау қаласының өзінде 3807 сәби дүние есігін ашқан.

«Сондай-ақ маңғыстаулық сәбилердің ішінде ұлдарға қарағанда қыз балалардың саны басым», - дейді МО АХАЖ басқармасының қызметкері Әуес Көшкінбаева.

Ұл балалардың есімдерінен Асар, Азат, Еркін, Ерасыл, Дидар, Райымбек, Дінмұхаммед есімдері жиі қойылған, ал қыз балаларға келетін болсақ, көптеген ата -аналар Милана, Мәдина,Аружан, Арайлым, Дарья, Айша, Әмина есімдерін қалаған.