Ведомствоның баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс-шараның негізгі мақсаты - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты ескерту және оның профилактикасы, құқыққа қарсы бағыттағы жасөспірімдер топтарын, алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтынатын кәмелетке толмағандарды, оқудан жалтарған жасөспірімдерді, сондай-ақ оларды қоғамға қарсы әрекеттерге тартатын ересек адамдарды анықтау және тарату, кәмелетке толмағандарға алкоголь мен темекі өнімдерін сату фактілерін анықтау болып табылады.
Сонымен қатар жасөспірімдер қылмысының ерте алдын алу, оқу орындарындағы моральдық-психологиялық климатты айқындау мақсатында 2010 жылы полиция қызметкерлері шамамен 36 мың мектеп оқушысына сауалнама жүргізді.
Өткізілген сұрастыру барысында қорқытып алушылықтың 8 фактісі, оқушылардың құқығын бұзудың 8 фактісі анықталды. Сауалнама нәтижелері бойынша аумақтық білім беру органдарына 48 хабарлама жолданды.
Ішкі істер органдарының сенім телефондарына кәмелетке толмағандардың құқығын бұзу туралы 157, қорқытып алушылық туралы 12 хабарлама келіп түсті.
Сонымен қатар қалыптасқан жағдайдан және моральдық-психологиялық климаттан хабардар болу, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқу орындарында аноним өтініштер үшін 5664 (орта мектептерде - 5169, колледждерде - 404, ЖОО-да - 91) жәшік орнатылды. Қазіргі таңда олар бойынша шамамен 2 мың (оқушылардың құқықтарын бұзу - 3, қорқытып алушылық - 4 және т.б. - 1937) өтініш келіп түсіп, олар бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
19:45, 12 Қаңтар 2011
2010 жылы полиция қызметкерлері 36 мыңдай оқушының арасына сауалнама жүргізді
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 12-16 қаңтары аралығында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.