1696 жылы танымал Италия шебері жасап шығарған бірегей аспап Британ астанасында тұратын Корея Республикасының атақты скрипкашысы Мин Чин Кимдікі болған. Қазір БАҚ ақпараты бойынша оны Біріккен корольдіктің музыка фестивальдарының бірін ұйымдастырушылар сатып алған.
Енді міне, үш жылға жуық уақыт бойы полицияның тынбай іздеуінен кейін скрипка орталық Англиядағы үйлердің бірінен табылып, иесіне қайтарылды. Оның ешқандай жері бүлінбеген.