Азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын құру және осыған баланысты қаражат шығындары бойынша тапсырмалар белгіленді.
Жөндеу жұмыстарында 130 мың жұмыс орындарын ашу жоспарлануда.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға және жастар практикасын ұйымдастыруға 6,3 миллиард теңге бағытталатын болады, соның есебінен 52,7 мың уақытша жұмыс орындары құрылады.
Кадрларды қайта даярлауға 8 миллиард теңге жұмсалып, оған 67 мың адамды қамту жоспарланған.