деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2010 жылға қаржыландыру сомаларын таратып бөлу тәсілдерін мақұлдаған.
Осыған орай Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерімен және облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктерімен бірлесе отырып, Жол картасының әр бағыты бойынша қаржы қажеттілігін, жергілікті бюджеттерден қоса қаржыландыруды ескере отырып, айқындады.
Республикалық бюджет қаражатын Жол картасының бағыттары бойынша таратып бөлу «2010 - 2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Үкіметінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы қаулысымен бекітілді.
2010 жылы Жол картасына республикалық бюджеттен
100 млрд. теңге бөлінді. Жергілікті бюджеттер тарапынан инвестициялық бағыттарды қоса қаржыландыру 43,1 млрд. теңге шегінде болады деп күтіледі.
Жол картасының барлық бағыттары бойынша 2010 жылы 3 мың жобаны іске асыру кезінде шамамен 130 мың жұмыс орны құрылатын болады.
Қоса қаржыландыруды ескергенде, бюджет қаражаты, яғни, барлығы 125,1 млрд. теңге жөндеу жұмыстарына таратып бөлінеді. Атап айтқанда, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін жөндеу, реконструкциялау және дамытуға - 47,9 млрд. теңге қарастырылып отыр. Жол жөндеу жұмыстарына - 29,1 млрд. теңге, мектептерді, ауруханалар мен басқа да әлеуметтік нысандарды жөндеуге - 40,4 млрд. теңге бағытталады. Сонымен қатар ауылдардың әлеуметтік-мәдени нысандарына - 5,8 млрд. теңге және республикалық меншіктегі денсаулық сақтау және мәдениет нысандарын жөндеуді жүзеге асыруға - 2,0 млрд. теңге көзделіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар тәжірибесі бағдарламалары шеңберінде 53 мың уақытша жұмыс орнын құру жоспарланады. Бұл мақсаттарға 6,3 млрд. теңге бағытталмақ. Мемлекеттік бюджеттен бір қызметкерге айына бөлінетін аударымның көлемі 20 мың теңгеге дейін көбейтілді.
Кадрларды даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыруға шамамен 8 млрд. теңге жұмсалатын болады. Бұл 67 мыңға жуықадамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.
Бұл орайда, 2010 жылы 20163 адам 2009 жылы басталған мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуын аяқтайды және тағы 11 мың 155 адам индустрияландыру жобаларын іске асыру үшін кадрлар даярлауға бағытталған осы бағдарламалар бойынша оқуды бастайды.
Жол картасы жобаларының қажеттіліктеріне сәйкес кадрларды даярлауға және қайта даярлауға 3,2 млрд. теңгені бағыттау жоспарланып отыр. Бұл шамамен 32 мың адамды қамтитын болады. Және 2,7 мың адам еңбек нарығында сұранысқа ие, білікті шетелдік мамандар тартылып жүрген мамандықтар бойынша қосымша даярланатын болады.
Бүгінгі күні республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен әкімдердің арасында Бюджеттік кодекске сәйкес нысаналы трансферттер бойынша қорытындылар туралы Келісімге қол қою рәсімі аяқталып келеді.