Бұл туралы бүгін «Мектепке жол» атты дәстүрлі акцияның басталуына орай ұйымдастырылған баспасөз мәслихаты барысында Астана қалалық білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина айтты.
«Мектеп киімін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін бюджеттен жалпыға міндетті оқу қорына әлеуметтік жағынан қорғалмаған оқушыларға көмек көрсетуге 246 млн. теңге бөлінді. Бұл өткен жылға қарағанда айтарлықтай көп. Сонымен қатар бұл қаржыны мектеп директорлары дұрыс игерулері қажет», - деді ол.
Сондай-ақ қалалық білім басқармасының басшысы өзі басқаратын ведомство ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқығын қорғау комитетімен бірлесіп, бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына тексеру жүргізетіндігін ескертіп өтті.