Бұл туралы бүгін Алматыда жарияланған Дүниежүзілік банк пен Халықаралық қаржы корпорациясының «Бизнесті жүргізу 2013» рейтингі туралы бірлескен баяндамасында айтылды.
«Экономикалық реформалар қарқынының деңгейі 2011-2012 жылдары Шығыс Еуропа және Орталық Азияда 88 пайыз болды. Ал кіріс деңгейі жоғары ОЭСР елдерінде - 68 пайыз, сахараның оңтүстігінде орналасқан Африка елдерінде - 61 пайыз, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкада - 47 пайыз, Шығыс Азия мен Тынық мұхиты аймағында - 46 пайыз, Латын Америкасы мен Карибте - 45 пайыз, Оңтүстік Азияда - 38 пайызды құрады», - дейді Дүниежүзілік банктің жеке секторды дамыту жөніндегі аға маманы Адриан Гонсалес. Оның айтуынша, Орталық Азияның 3 мемлекеті 2005 жылдан бері бизнесті реттеуде жоғары нәтижеге қол жеткізген 25 елдің қатарында.