2011-2015 жылдары ауыл шаруашылығының ЖІӨ-і орташа 4-5 пайызға өседі - Қ.Келімбетов

АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - 2011-2015 жылдары ауыл шаруашылығының жалпы өнiмнiң көлемi орташа 4-5 пайызға өседі.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов айтты.

Сонымен қатар министрдің атап өтуінше, өнеркәсiп өндiрiсiнің өсу көрсеткiші негiзiнен ағымдағы жылғы 6 пайыздан 2015 жылға қарай 9,1 пайызға дейiн ұлғаюы айқындалған. Ал өңдеуші өнеркәсiптегi өндiрiстiң өсу қарқыны (орташа 10 пайыздан көп) тау-кен өндiрісі секторындағы өсімнен жоғары болуы керек.

«Құрылыс саласындағы жоспарланған шаралар мен өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық нысандардың кеңеюі нәрі бағдарламалық құжаттарда ескерiлген инвестициялардың көлемiн ескере отырып бұл саладағы өсім 2011 жылы 2,5 пайыз, 2012 жылы 3,1 пайыз деңгейінде айқындалған», - деді Қ.Келімбетов.