Бүгін Астанада Азия Олимпиадалық кеңесінің (АОК) Үйлестіру кеңесі отырысына қатысушылар осылай ұйғарым жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
АОК-тің шетелдік делегациясының ұсынысы бойынша қысқы Азия ойындарындағы хоккей жарыстары екі дивизионға бөлінетін болады. Бірінші топқа Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Солтүстік Корея және Қытай құрамалары секілді бұл спорттағы мықты командалар кіреді. Ал қалған құрамалар екінші топқа енгізіледі.
«Біз бұл жарыстарды екі топқа бөлуге және екінші дивизиондағы командаларға қосымша медальдар беруге келісеміз. Алайда, бірінші орын екінші топта анықталмайтын болады. Бұл объективті болмас еді. Яғни, бір ғана алтын медаль тағайындалады», деді ҚР Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов.