«Біз қазан айында техникалық қадағалау жүргізуге байланысты барлық мәселелерді бәсекелестік ортаға береміз. Яғни, бұл салаға берудің шарттары мен сипаты анықталатын болады. Менің ойымша, келесі жылғы қаңтардың 1-інде немесе ақпанында бұл қызметтерді жеке ұйымдар жүргізе бастайды. Дегенмен көлік құралдарының техникалық қадағалаудан өткендігіне мемлекеттік бақылау жасау ішкі істер органдарына, оның ішінде жол полициясына жүктеледі», деді вице-министр өз сөзінде.
Оның атап өтуінше, қазіргі таңда елімізде 3 миллион 300 мың көлік тіркелген. Ал Жол полициясы бөлімшелерінің қарамағында 7 техникалық қадағалау базасы бар. Алайда оның 6-уы жалға берілген.
А.Кулиничтың пайымынша, көлік құралдарын техникалық қадағалауды бәсекелістік ортаға беру аталған қызметтің сапасын арттыра түспек.