Бұған өсімдік щаруашылығының 46 пайызға жоғарылауы әсер етті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында биылғы он айдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов мәлім етті.
Айта кетейік, биылғы жылы еліміз жоғары астық шығымдылығымен ерекшеленді. Жалпы бункерлік салмақты 30 миллион тоннаға жуық астық бастырылды.
Сонымен қатар, Қ.Келімбетовтың сөзіне қарағанда биылдың он айында құрылыс қарқынының өсімі 2,8 пайызды құрады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 0,1 пайызды құраған еді.