2011 жылдың 10 айында белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4,2 пайызға көбейді

None
АСТАНА. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2011 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша белсенді жұмыс істейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 пайызға артып, 695 635-ке жетті, деп хабарлады pm.kz сайты.

Бірқатар фактілерді, соның ішінде, ең алдымен нақты аймақта тұратын халық санын, сонымен қатар, шағын және орта кәсіпкерлікте немесе ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелерде халықты еңбекке тарта алатын жекелеген өңірлер экономикасының құрылымын есепке алғанда, Қазақстан аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тең жағдайда бөлінбеген.

Айта кетсек, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері Оңтүстік Қазақстан облысында (119 мың), Алматы облысы (103 мың) мен Алматы қаласында (62 мың) ең көп тіркелген.