Үкімет Қазақстан Республикасында 2010-2014 жылдарға арналған қазақстандық үлесті дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Аталмыш бағдарлама отандық тауар, жұмыс және қызмет өндірісіннің тұрақты дамуына, сондай-ақ олардың ішкі нарықта сатылуына қосымша жағдай жасауды мақсат тұтады.
pm.kz сайтының мәліметіне сәйкес, отандық өңдеуші өнеркәсіпте қазақстандық бәсекеге қабілетті өнімнің ішкі нарығын өсіруге қажетті әлеуеті бар. 2011 жылдың 11 айындағы қорытындыға сәйкес, жалпы сатып алу көлемі 4,810 млрд. теңгені құрап, ондағы қазақстандық үлес 50 пайыздан асты.
Сонымен қатар, 2009 жылмен салыстырғанда, мұнай-газ кешенінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың сатып алу үлесі 6 есеге артты; жүйе құрушы кәсіпорындарда жергілікті үлес көрсеткіші 21% жетті, немесе 130 млрд. теңгеден астам.
Бағдарлама аясында «Қазақстандық үлес» интернет-порталы мен «Жер қойнауын пайдалану бойынша жүргізілетін операциялар кезінде қолданылатын тауар, жұмыстар мен қызметтер тізімі» ақпараттық жүйесін мониторинг субъектілерінің сатып алу жоспарлары және алынған тауар, жұмыстар мен қызметтер туралы есептермен толтыру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда интернет-порталда 20 мың кәсіпорын мен 2 мың қазақстандық өндірушілер туралы ақпарат жарияланған.
2014 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуындағы қазақстардық үлес тауар бойынша 16 пайызға, қызмет бойынша 85 пайызға жетеді деп жоспарланған.