Бұл туралы бүгін Астанада қазақстандық қамтуды дамыту мәселесіне арналған кеңесте Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Қазақстандық қамтуды дамыту департаментінің директоры Серік Кәмелі айтты.
Атап айтқанда, биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша заңнама талаптарын орындамағаны үшін, яғни оның ішінде қазақстандық қамту шарттарын ескермегені үшін кен орындарын пайдаланушыларға 192 ескерту жіберілді. С. Кәмелінің сөзіне қарағанда, сонымен қатар кен орындарын пайдалану тұрғысында 24 келісімшарттан бас тартылды.