2011 жылдың аяғына қарай Ирак пен Ауғанстандағы американдық әскери қызметшілердің саны екі есеге дейін қысқарады - АҚШ Президенті Барак Обама

None
ТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - 2011 жылдың аяғына қарай Ирак пен Ауғанстандағы американдық әскери қызметшілердің саны екі есеге дейін қысқарады.

Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы 66-ы сессиясының таңертеңгі отырысында мәлімдеді.

АҚШ президенті атап өткендей, американдық контингент санын қысқарту Ирак пен Ауғанстанның тәуелсіздігін нығайту үшін де, АҚШ-тың ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін де маңызды.

Еске сала кетсек, Нью-Йоркте Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 66- сессиясы басталды, оған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.

Күтіліп отырғандай, Мемлекет басшысы жалпы жарыссөздердің ашылуында сөз сөйлейді. Бүгін сонымен қатар Н.Назарбаевтың мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулері жоспарланып отыр.