Т. Мұсабаев «ҚазСат-1» спутнигіндегі кемшіліктерге байланысты «ҚазСат-2» ғарыш аппаратының қызмет көрсетуінің техникалық сенімділігін арттыруға байланысты қосымша шешімдер қабылданып отырғанын айтты. Сонымен қатар Ғарыш агенттігінің төрағасы қазіргі кезде «ҚазСат-3» байланыс және хабар тарату жерсерігін құру мен ұшыруға байланысты байқаудың екінші кезеңі өткізіліп жатқанын жеткізді.
11:08, 06 Желтоқсан 2010
2011 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазСат-2» жерсерігін іске қосу жоспарланып отыр
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2011 жылдың бірінші тоқсанында «ҚазСат-2» жерсерігін іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін селекторлық режимдегі Үкімет отырысында Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.