Бұл туралы бүгін елордада ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен баланы қорғау басқармасының бастығы Мағрипа Ембергенова мәлім етті.
«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ана өлімі 1,6 есе төмендеді, ал бала шетінеуі тұрақты түрде 15 пайызға қысқарып келеді», - деді ол «Репродуктивті денсаулық және құқық үшін бірлесіп күресу» халықаралық конференциясы барысында.
Оның атап өтуінше, соңғы жылдары елімізде денсаулық сақтау саласында оң үрдіс байқалып отыр. «2007-2010 жылдары аралығында негізгі әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер жақсаруда. Халықтың табиғи өсімі жақсарып, туу көбеюде. Халық арасындағы өлім-жітім төмендеді. Республика бойынша орташа өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 2 жылға өсті», - деді ол.