Агенттік мәліметтеріне қарағанда, қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және жалпы ішкі өнімнің 67-68 пайызын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді. 2011 жылдың қаңтар мен тамызындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2771,4 миллиард теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,9% көп.
17:00, 14 Қыркүйек 2011
2011 жылдың қаңтар мен тамызындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2771,4 миллиард теңгені құрады
АСТАНА. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат - «2011 жылдың қаңтар және тамыз айларындағы қысқамерзімді экономикалық индикатор 2010 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,1% құрады»,-деп хабарлайды Статистика агенттігі.