2011 жылдың маусымында республикада орташа айлық жалақы 88 296 теңгені құрады

ТАНА. 15 тамыз. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Ағымдағы жылдың маусымында республикада орташа айлық атаулы жалақы 88 296 теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов айтты.

«2011 жылғы маусымда халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 44 625 теңгені құрады. Өткен жылдың маусымымен салыстырғанда өсім атаулы ақшалай табыстар бойынша - 9,4 пайызды, нақты ақшалай табыстар бойынша - 0,9 пайызды құрады. Сондай-ақ өткен айда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 88 926 теңгені құрады. Бұл 2010 жылдың маусымына қарағанда 8,7 пайызға көп. Нақты жалақы индексі 2010 жылдың маусымымен алып қарағанда 100,2 пайыз болды», - деді ол.

Сондай-ақ Ә.Смайлов атап көрсеткендей, өткен шілде айында Қазақстанда жұмыссыздар саны 461,7 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың 5,3 пайызын құрады. 2011 жылғы шілде айының соңындағы жағдай бойынша жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде 62,4 мың адам тіркелді. Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының 0,4 пайызын құрады.