Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінен хабарланды.
Мәліметтер бойынша, 2011 жылғы желтоқсанда 2010 жылғы тиісті аймен салыстырғанда баға жармаға 43,3 пайыз, сүт өнімдеріне - 8,9 пайыз, май және тоң майға - 8,3 пайыз, кондитерлік өнімдерге - 8,1 пайыз, тоқаш пен ұн өнімдеріне - 7,1 пайыз, макарон өнімдеріне - 6,8 пайыз, кофе, шай және какаоға - 6,6 пайыз, ұнға - 5,7 пайыз, алкогольді ішімдіктерге - 5 пайыз, нанға - 2,5 пайызға өсті. Бағаның төмендеуі қантқа 12,7 пайыз шамасында, ал жемістер мен көкөністерге - 3,5 пайыз деңгейінде байқалды.
Аталған кезеңде ет және ет өнімдері бағасының өсімі 23,2 пайызды құрады. Қой етіне баға деңгейі 30,3 пайыз, жылқы етіне - 21,5 пайыз, шұжық өнімдеріне - 12,9 пайыз, шошқа етіне - 12,4 пайыз, құс етіне - 6,5 пайызға жоғары болды.