2011 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістер болжамы трансферттерді есептемегенде 2 636 миллиард теңгені құрайды
«2011 жылға арналған республикалық бюджеттің кірістер болжамы трансферттерді есептемегенде 2 триллион 636 миллиард теңге сомасында немесе жалпы ішкі өнімнің 12,4 пайызы көлемінде анықталған», деп атап өткен министрдің сөзіне қарағанда, бұл ағымдағы жылдың жоспарынан 799 миллиард теңгеге асып түседі.
Б.Жәмішевтің айтуынша, мұнайға экспорттық кедендік баж енгізу есебінен 421 миллиард, макроэкономикалық көрсеткіштердің номиналдық өсімі, сондай-ақ корпоративтік табыс салығымен қосымша құн салығы бойынша салықтық жүктеменің төмендеуі нәижесінде кәсіпорын айналымдық қаражатының ұлғаюы есебінен 170 миллиард, импорттың өсуі қарқыны есебінен 42 миллиард, салық және кеден органдарының тексеру нәтижелілігін арттыруға байланысты салықтық әкімшелендіруді жақсарту есебінен 56 миллиард, Кеден одағында кедендік баждарды есептеу және бөлу тегін қолдану есебінен 68 миллиард, сонымен қатар ҚР Ұлттық банктің таза табыс бөлігінің түсуі есебінен 18 миллиард теңге көлемінде кірістер алу болжанып отыр.