2011 жылғы 1 шілдеден бастап Еуро-3 стандарты енгізіледі

АСТАНА. 16 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар» техникалық регламентіне сәйкес,

республика аумағында 2011 жылғы 1 шілдеден бастап 3-экологиялық кезеңге (Еуро-3) сәйкес зиянды заттар шығарындылары бойынша автокөлік құралдарына қойылатын талаптар енгізіледі. Осы күннен бастап қойылған талаптарға сәйкес келмейтін автокөлік құралдарын әкелуге және өндіруге тыйым салынатын болады. Бұл туралы ҚазАқпарат Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында қазірдің өзінде пайдаланылып жүрген автомобильдер 3-экологиялық кезеңнің талаптарына кірмейді, сондықтан толық істен шыққанға дейін пайдалынатын болады. Қазақстан Республикасы аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының сәйкестігін растау «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлік құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регламенттерге (2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1372) және «Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға» (2008 жылғы 9 шілдедегі №675) сәйкес жүзеге асырылады. Автомобильдердің 3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестігін растау мына тәртіпте жүзеге асырылады: 1) бұрын пайдалануда болған көліктер үшін - төменде көрсетілген кесте бойынша, шығарылған жылы мен өндіруші еліне қарай; 2) төменде көрсетілген кестеде автомобильдердің шығарылған елі көрсетілмеген жағдайда - зертханалық сынақтар нәтижелері бойынша.

Автокөлік құралдарының және қозғалтқыштарының

3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкестік кестесі,

шығарылған жылдарына қарай

Автомобиль және/немесе оған арналған қозғалтқышты шығарған ел

3-экологиялық кезеңнің талаптарына сәйкес келетін көлік құралдарының шығарылған жылдары

Еуропалық одаққа * кіретін, жанармай қозғалтқыштары

2001 жылдан бастап және одан кейін

Еуропалық одаққа кіретін *, дизельдер

2002 жылдан бастап және одан кейін

АҚШ

2001 жылдан бастап және одан кейін

Жапония

2005 жылдан бастап және одан кейін

Канада

2004 жылдан бастап және одан кейін

Үндістан

2010 жылдан бастап және одан кейін

Қытай

2008 жылдан бастап және одан кейін

Корея

2003 жылдан бастап және одан кейін

Ресей

2008 жылдан бастап және одан кейін

Украина

2010 жылғы 1 шілдеден бастап және одан кейін

Беларусь

2008 жылдан бастап және одан кейін

Өзбекстан

2010 жылдан бастап және одан кейін