Банктердің пікірі бойынша, елдегі экономикалық ахуал дамыған кезде және халықтың әл-ауқат деңгейі өскен кезде жылжымайтын мүлік бағасы да өседі. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта айтылған.
11:34, 12 Мамыр 2011
2011 жылғы 2 тоқсанында респондент банктердің көпшілігі жылжымайтын мүлік бағасының өсуін болжайды
АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат - 2011 жылғы 2 тоқсанында респондент банктердің көпршілігі, нақтырақ айтқанда 59 пайызы жылжымайтын мүлік бағасының өсуін, ал 34 пайызы жылжымайтын мүлік бағасы өзгеріссіз қалатынын болжайды.