2011 жылғы 7-Қысқы Азиада ойындарының Алауы Шымкентке жетті

None
ШЫМКЕНТ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - 2011 жылғы 7-Қысқы Азиада ойындарының алауы Шымкентке келіп жетті.

Әуежайда алаугерлер мен Эстафета дирекциясының өкілдерін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев, облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Полат Қырықбаев, Шымкент қаласының әкімі Арман Жетпісбаев пен «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның оңтүстіктегі филиал директоры Әнуар Мақұлбаев қарсы алды.

Әуежайдағы жылы кездесуден кейін ұйымдастыру комитетінің өкілдері шағын баспасөз мәслихатын өткізді. Олар Эстафета дирекциясының міндеттері, Олимпиада алауының тарихы мен ерекшелігі туралы айтты. Алау эстафетасы дирекциясы жетекшісінің орынбасары Сәрсен Құранбек алаудың басты сапасы -оның үздіксіз жанып тұруында екенін жеткізді. «Алауды өшіру мүмкін емес», - деді С.Құранбек.

Түнде Алау Халық банкке сақталуға тапсырылған. Жұма күні түсте Алау эстафетасы Шымкент арқылы өтеді. Талтүсте Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов ипподромда алауды алып жүруді бастайды. Шымкент қаласындағы алауды 60 адам алып өтпек.