2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан Қазақстанның жастар құрамасы швециялық футболшылармен кездеседі

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қарашаның 11-і күні Астанадағы Қажымұқан Мұңайтпасов  атындағы стадионда 2011 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне қатысып жатқан футболдан Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы швециялық құрдастарымен сайысқа түседі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Израиль, Швеция, Черногория, Болгария футболшыларымен  бір топта өнер көрсетіп жатқан  ел құрамасы қазір 5 ойыннан кейін 4 ұпаймен  үшінші орында келе жатыр. Олар бұған дейін наурыздың 29-ы күні сырт алаңда Израиль құрамасымен (1:1) тең ойнап, өз алаңында сәуірдің 2-сі күні Болгариядан  (2:0)  басым түсті. Сондай-ақ    маусымның 7-сі күні өз алаңында черногориялықтарға (0:2), қыркүйектің 4-і күні сырт  алаңда болгарлықтарға (3:0),  ал қыркүйектің 9-ы күні өз алаңында израильдіктерге (1:2) есе жіберіп алды. 

Қазақстандықтардың ендігі қарсыласы бұған дейін қыркүйектің 4-і күні сырт алаңда Черногория футболшыларын - 0:2, ал қыркүйектің 9-ы күні өз алаңында Болгарияны 2:1 есебімен ұтқан болатын. Отандық аяқ доп шеберлері  швециялықтармен өтетін бұл кездесуден кейін сырт алаңда қазанның 14-і күні Черногория және  қарашаның 15-і күні Швеция  футболшыларымен қарымта ойындарын өткізеді.