Атап айтқанда, жарма 2010 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,1 пайыздық тармаққа, маргарин және соған ұқсас өнімдер 8,9 пайыздық тармаққа, сүт өнімдері 5,0 пайыздық тармаққа, макарондар, кеспелер, ұннан жасалған ұқсас өнімдер 2,5 пайыздық тармаққа көтерілгені байқалады. Ал азық-түлік емес тауарлардың нарығында өндірістің өсімі минералды немесе химиялық азотты тыңайтқыштар 2010 жылғы тиісті кезеңге қатынасы бойынша 28,4 пайызға, ғанышкартон 11,1 пайызға, цемент 10,7 пайызға тең болды. Бұл ретте ресурстардағы қазақстандық қамту үлесі тиісінше 3,8 және 3,4 пайыздық тармаққа жоғарылауына жағдай туды.