2011 жылғы қыркүйекте экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -2011 жылғы қыркүйекте экономиканың жекелеген сегменттерiндегі бағалар өзгердi.

Атап айтқанда, Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, 2011 жылғы қыркүйекте инфляция 0,3 пайызды құрады. Баға құрылыста бір ай ішінде - 0,6 пайызға, орман шаруашылығында - 0,2 пайызға жоғарылады. Ал ауыл шаруашылығында 3,5 пайыз, өнеркәсіпте - 1,9 пайыз, көтерме саудада - 0,2 пайызға төмендеген. Сонымен қатар, тарифтер заңды тұлғаларға көрсетілген байланыс қазметтеріне 0,1 пайызға төмендеп, пошталық және курьерлік қызметтер өзгеріссіз қалды.