2011 жылғы Қысқы Азия ойындарына 100 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалмақ

АСТАНА. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2011 жылы Алматы және Астана қалаларында өтетін Қысқы Азия ойындарына 100 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Талғат Ермегияев мәлім етті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.Биыл дайындық жұмыстарына 64 млрд. теңге бөлінгендігі жайында айтқан вице-министр: «Осы қаражат ағымдағы жұмыстарды атқаруға жеткілікті. Жалпы, 2011 жылы Қазақстанда өтетін Қысқы Азия ойындарына 100 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсау жоспарланып отыр», - деді.Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда Азия ойындары өтетін нысандардың құрылысы және қалпына келтіру жұмыстары белгіленген кесте бойынша жүргізілуде. Аталған жұмыстарды 2010 жылдың бірінші жартысында аяқтау жоспарланған.