«Баға азық-түлік тауарларына өткен айда - 1%, азық-түлік емес тауарларға 0,2%-ға өсті, ақылы қызмет көрсетулер өзгеріссіз қалды», делінген таратылған хабарламада.
Өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне - 1,1%, ал жармаларға - 3,6%, макарон өнімдеріне - 1,4%, ұнға - 1,3%, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 1,2%, нанға 0,9%-ға белгіленді. Баға жұмыртқаға - 3,4%, қантқа - 2%, ет және құс етіне - 1,5%, күнбағыс майына - 1,3%, кондитерлік өнімдерге - 1,2%, жаңа жиналған жемістер мен көкөністерге - 1,1%, ірімшік және сүзбеге - 0,8%, алкогольсіз сусындарға 0,7%-ға өсті. Бағаның төмендеуі күрішке - 0,6%, картопқа - 1,3%, шикі сүтке 2,9%-ға тіркелді.
Баға өсімі фармацевтика өнімдеріне - 0,2%, жеке күтімге арналған тауарларға, киім және аяқ киімге - 0,3%-дан, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 0,5%, цементке 0,6%-ды құрады. Баға бензинге 0,4%-ға өсті, ал дизель отынына 0,8%-ға төмендеді.
Шаштараздардың қызметтеріне - 0,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер - 0,5%, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі - 0,4%, денсаулық сақтау мен мәдениет 0,3%-дан қымбаттады.
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер суық суға - 1,2%, орталықтан жылыту және ыстық суға - 0,3%-дан, кәрізге - 0,2%-ға төмендеді, ал үлестіру желілер бойынша тасымалданатын газға 0,6%, қоқыс жинауға 1%-ға өсті.