Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚР Премьер-министрінің pm.kz сайты.
«Ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуды қолдау» бағытының аясында 4690 адам кәсіпкерлік негіздерін оқып-үйренді»,- делінген ведомство хабарламасында.
Оған қоса, Бағдарламаға қатысушыларға шағын несие беруге 2011 жылы 3 569 млн. теңге бөлініп, ол қаржының барлығы микроқаржылық ұйымдарға жеткізілді.
«2011 жылы Бағдарламаның 1435 қатысушысы несие алды және олар алған шағын несиелердің орташа сомасы 1,8 млн. теңгені құрады»,- делінген министрлік ақпаратында.
Шағын несиелер кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарында өз істерін ашуды жоспарлап отырған немесе өз шаруаларын жүргізіп жатқан қатысушыларға берілді.