Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Қорғаушылар сотта бұл көмекті республикалық бюджет қаражаты есебінен көрсетті.
Қорғаушылар мемлекет есебінен заңгерлік көмек көрсету барысында азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша барлық шараларды қабылдайды.
Мысалы, өз борышын адал атқарғаны және біліктілік танытқаны үшін Ақмола облысы адвокаттар алқасының қорғаушысы Н.Е.Исламғалиеваның, Л.А.Пантелееваның, С.Е.Жүсіпованың, М.С.Қодашеваның, М.К.Шүкенованың, А.Н.Шамиғанның, Ж.К.Құсайынованың, В.Н.Веряскинаның, А.Б.Бекенованың, Т.К.Шәймерденованың, Е.И.Пантелееваның, Т.Р.Шайдуллинаның қызметтері Ақмола облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соттың жеке ұйғарымымен атап өтілді.