деп хабарлайды Ресейлік жаңалықтар. Бұндай мәліметтерді БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун «әлем мәдениеті» мәселесі бойынша дүниежүзілік ұйымының Бас Ассамблеясындағы жоғары деңгейлі форумда айтты.
«БҰҰ-ның әлемнің жаһандық миссияларына, адам құқын қорғау және бір жылдағы дамуға жұмсайтын қаржысына қарағанда, барша әлем бір күнде қару-жарақтануға екі есеге жуық артық шығынданады»,-деп атап өтті ол.
Пан Ги Мун бұл аштықта өмір сүріп жатқан адамзат үшін, ауыз судың жеткіліксіз болуынан өлім-жітімге ұшырап жатқан балалар үшін, миналардың кесірінен егіс алқаптарын баптауға қауқарсыз шаруалар үшін қару-жараққа деген шығыстардың кесапаты өте ауыр салмақ түсіретінін қадап айтты.
Оның пайымынша, бұндай шығыстар адамгершілікке мүлдем жат. Осы орайда Бас хатшы қарусыздандыру өзінің жұмысының «негізгі басымдығы» болатынын жеткізді.