Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5 мың іске немесе 13 пайызға көп.
Бұл туралы бүгін Астана қалалық сотының 2011 жылғы жұмысының қорытындыларына арналған кеңейтілген кеңесте аппеляциялық сот алқасының төрағасы Серік Әбдірахманов айтты.
«Түсетін арыз-шағымдардың саны жылдан-жылға өсуде. Соған байланысты, судьяларға салынатын жұмыс көлемі де артып отыр. Бұл тиісінше, сот төрелігінің сапасына да әсер етті», - дейді ол.
Арыздардың дені елордадағы Алматы аудандық сотына (12,8 мың іс), қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына (11 мыңнан астам) және Сарыарқа аудандық сотына (9 мың) түскен.
Астана қалалық сотының төрағасы Сәкен Абдуллаевтың айтуынша, былтыр елорданың қалалық сотында қылмыстық іс алғаш рет бейнеконференция байланысы арқылы қаралды. Оның барысында Қазақстанның әр облысында тұратын куәгерлерден жауаптар алынды. Сонымен қатар, «электрондық үкімет» порталы арқылы алғаш рет электронды арыз түскен. Қазіргі уақытта азаматтардан портал арқылы түскен арыздардың саны 20-ға жетіп отыр.