«Өткен жылдың 11 айының ішінде клиникаларда 28 841 пациент, соның ішінде 268 шетелдік емделді. Пациенттерге 526 464 консультативтік-диагностикалық қызмет, соның ішінде 232 231 ақылы қызмет көрсетілді», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ холдинг аймақтардағы пациенттердің үлесі өсіп, 56 пайызды құрағанын атап өтті, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 11 пайыз көп. Осы кезеңде холдинг клиникаларында 27 инновациялқ технологиялар енгізіліп, олардың көмегімен 2556 сырқат жанға көмек берілді.