«Өткен жылы біз бірінші рет жас мамандарды ауыл квотасы бойынша бөлуге кірістік. Бұның жағымды фактор екендігі сөзсіз, бірақ бұл істе проблемалық мәселелер анықталды», - деп атап ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов ведомствның бүгін өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде.
Осыған байланысты ведомство басшысы жергілікті атқарушы органдарға, мектепке дейінгі және орта білім департаментіне Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА және Қаржы орталығымен бірлесе отырып, аталған барлық мәселелер бойынша шешімдерді әзірлеп, ұсынуды тапсырды.