2011 жылы білім және ғылым саласы бойынша 7 заң қабылданды

None
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 2011 жылы Қазақстанда білім және ғылым саласы бойынша 7 заңға қол қойылды,

 деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен Pm.kz сайтына.

«2011 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім және ғылым саласына қатысты 7 заңға қол қойды»,-делінген ведомство хабарламасында.

Атап айтқанда, «Ғылым туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгертулер енгізу туралы», «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Білім беру туралы» ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту жобасы) ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне отбасылық үлгілері балалар деревнялары және жасөспірімдер үйлері мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарына қол қойды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең) және «Білім беру туралы» ҚР Заңын жүзеге асыруға қатысты 44 қаулының жобасы бекітілді.