деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Әкімнің айтуынша, осы бағыттағы жұмыстар ескі балабақша ғимараттарын мемлекетке қайтару, шағын балабақшаларды салу, жекеменшік балабақша орындарын кеңейту және осы санаттағы жаңа нысандарды тұрғызу бойынша атқарылып келеді. «Осының арқасында қалада 11 мыңға жуық балабақша орны ашылады деп күтілуде. Бұл жалпы сұраныстың 50-60 пайызы. Ал 2011 жылы Астанада қосымша 20 балабақша салынады. Сөйтіп, біз елордадағы балабақша мәселесін толығымен шеше аламыз деуге болады», деді И.Тасмағамбетов.