Бұл туралы «Мұнайгаз Ақпараттық талдау орталығы» АҚ деректерінде келтірілді.
Мәліміттерге қарағанда, мұнай өндірудің негізгі өсімін «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «Қазгермұнай» БК ЖШС, «Торғай Петролеум» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС компаниялары қамтамасыз еткен. Сонымен қатар, болжауларға сәйкес, 2011 жылы газ конденсатын қоса алғанда еліміздегі мұнай өндіру 80,35 млн.тонна көлемінде күтіледі. Ал 2012 жылы жоспарланып отырған мұнай өндіру көлемі 81 млн.тоннаны құрайтындығы болжанады.
Қазақстан үшін ерекше маңызы бар жобалар болып Теңіз және Қарашығанақ жобалары қарастырылып отыр.