деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Сақтандыру ұйымдарының қызметін жүзеге асыруда нарықтағы қатысушылар арасындағы өзара қарым-қатынасы мен делдалдық қызметті жүзеге асырудағы сақтандыру агенті өкілдігінің талаптары белгіленуде. Көлік құралдарының иелері туралы мәліметті мәліметтер базасын қалыптастыруды ұйымдастыру ұйымына жеткізушіге ұсынылатын ақпараттары айқындалуда. Сондай-ақ сақтандыру полисін рәсімдеу мен сақтандыру полисі бланкісін әзірлеудің талаптары мақұлданады. Сондай-ақ 2011 жылы енгізілетін сақтандыру сыйақысын есептеу кезіндегі қосымша коэффиценттерді қолдану тәртібі белгіленеді», дейді ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі төрағасының орынбасары Алина Алдамберген. Оның айтуынша, «Сақтандыру төлемдерінің кепілдік беру қоры» АҚ-ның қызметін және өзара сақтандыру қоғамдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілер мақұлданып отыр. Ал мүлікті бағалау қызметін жүзеге асыру бойынша лицензиясы бар бағалаушыны аккредитациядан өткізудің тәртібі бекітіліп жатыр.