деп хабарлады pm.kz сайты «Ұлттық инновациялық қор» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жыл сайын халықаралық Инновациялық конгресс, NIF$50K бизнес-жоспарлар байқауы, «Өрлеу ақпараты» атты журналистік мақалалар байқауы, сондай-ақ отандық инновациялық жобалар көрмесі ұйымдастырылып тұрады», - делінген қор хабарламасында.
2011 жылы инновациялық бизнес-жоспарлар байқауына келіп түскен өтініштер саны 3 есеге артқан.
2011 жылдың желтоқсан айында алғаш рет Инновациялық форум мен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай инновациялық жобалар көрмесі өтті.