2011 жылы ІЖӨ өсімі 7 пайыз деңгейінде болжанып отыр - Қ. Келімбетов

ТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның 2011 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы нақтыланды.

Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетовтің сөзіне қарағанда, сыртқы және ішкі факторларды ескере отырып 2011 жылы экономика өсімі 7 пайыз деңгейінде бағаланып отыр. Бұл көрсеткіш ақпан айындағы болжамнан 2 пайыздық тармаққа жоғары. Нақтыланған бағалау бойынша 2011 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 6 пайызға өседі. Бұл алдында болжанған көрсеткіш мәнінен 1,2 пайыздық тармаққа артық. Сонымен қатар экспорт көлемі болжам бойынша 76,3 млрд. АҚШ долларын құрап, бұдан бұрынғы мақұлданған болжаммен салыстырғанда 17,2 млрд. АҚШ долларына жоғары болады. Тауар импорты болжамы бойынша 38,4 млрд. АҚШ долларына жетеді.