Отырыста инспекцияның былтырғы жылғы қызметі қорытындыланып, 2011 жылдың міндеттері айқындалды.
Мәселен, 2010 жылы Қауіпсіздік Кеңесі инспекциясы әскери қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету заңдылығының сақталуы, күш-қуат органдары бюджеттерінің орындалуы, Мемлекеттік шекараның күзетілуі және қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерін тексеру жұмыстарын атқарды.
Тексеру нәтижелері мен қорытындылары Мемлекет басшысына баяндалды.
Ағымдағы жылы өңірлерде орналасқан құқық қорғау органдарының, Қарулы Күштер, Шекара қызметі, Ішкі әскерлер мен Төтенше жағдай органдары мекемелерінің қызметіне талдау жүргізеді. Күш-қуат органдары жүргізетін мемлекеттік сатып алу саласындағы мәселелер зерделенеді. Инспекция оқ-дәрілердің, қару-жарақтардың және әскери техникалардың сақталуына бақылауды жалғастыратын болады.
Инспекция мүшелеріне 2011 жылға арналған Жоспарда көзделген іс-шаралар орындауды ұйымдастыру жөнінде тапсырмалар берілді.