«ҚМГ компаниясының өндірістік жоспарына сәйкес 2011 жылы 22,1 млн. тоннадан астам мұнай өндіру жоспарланып отыр. Магистралды мұнай құбырлары бойыша - 64,2 млн. тонна, ал теңіз көлігімен - 10,2 млн, тонна мұнай тасымаладана деп күтілуде»,-делінген таратылған мәліметтерде. Сондай-ақ табиғи газды тасымалдау 101,7 млрд. текше метрге жеткізіліп, 15,3 млн. тонна мұнай өңделмек.
Естеріңізге сала кетейік, алдын ала мәліметтер бойынша 2010 жылы мұнай және газ конденсатын өндірудің шоғырландырылған көлемі 22 млн. тоннаны құрады. Бұл өз кезегінде бекітілген жоспардан 4 пайызға, ал 2009 жылдың көрсеткішінен 17 пайызға артық.