Бұл туралы бүгін 2011 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша өткен алқа мәжілісінде Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Серік Баймағамбетов мәлім етті.
Оның мәліметтеріне қарағанда, жемқорлықпен күрес кеден органдары қызметкерлерінің басты міндеттерінің бірі. «Осыған орай, кеден саласында жұмысқа алынатын қызметкерлерге қойылатын талаптар күшейтілді. Енді, кеденге қызметке алынатын азаматтар конкурс негізінде іріктелетін болады. Ал қылмыстық іс қозғалған кеден қызметкерлеріне келетін болсақ, олардың 42-сін немесе 64 пайызын өзіміз анықтадық. Ал 2010 жылы бұл көрсеткіш 29 болатын. Сондай-ақ, кеден саласында сыбайлас жемқорлықпен байланысты 51 қылмыс анықталып, олардың 43,83 пайызы кеден қызметкерлерінің өздері әшкереледі. Жемқорлықпен байланысты қылмысқа жол бергендері үшін 40 лауазым иесі орнынан босатылды»,-деді Комитет төрағасы.