Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің баспасөз баянында хабарланған.
Айталық, 2011 жылдың 12 айында Кедендік бақылау комитетінің контрабандамен күрес бөлімшелері 112 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде ҚР ҚК 250-бабында көзделген қылмыстар белгілерімен (контрабанда) - 71, ҚР ҚК 259-бабымен (есірткіні заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу) - 40, ҚР ҚК 262-бабымен (заңсыз есірткі шөптері егісі) - 1 іс қозғалды.
Заңсыз айналымнан барлығы 276 келі 68 грамм әртүрлі есірткі заттары, соның ішінде 48 келі 930 грамм - героин, 8 келі 164 грамм - гашиш, 2 келі 242 грамм - апиын және 213 келі 676 грамм марихуана алынды.