2011 жылы Қызылорда облыстық ІІД-нің материалдық-техникалық базасын дамытуға 1 млрд. теңге бөлінді

None
АСТАНА. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылы Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің материалдық-техникалық базасын дамытуға 1 млрд. теңге бөлінді, деп хабарлады құқық қорғау органының баспасөз қызметінен.

2011 жылы облыстық Ішкі істер департаменті 35 жаңа көлікке ие болды сондай-ақ, Қызылорда қаласының көшелеріне сыртқы бақылауға арналған 80 бейнекамера орнатылды.

Күні кеше ғана Арал қаласында Қызылорда облысының әкімі Болатбек Қуандықов пен облыстық ІІД-нің бастығы Әлімхан Әбжанов салтанатты жағдайда аудандық ішкі істер бөлімінің жаңа ғимаратын ашты. 2010 жылдың қарашасында басталған аталмыш нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 243 млн. теңге бөлінді. Нысанның жалпы аумағы 1 мың шаршы метрді құрайды.