2011 жылы мемлекеттік сатып алулардың аукциондық тәсілі ілкі режімде енгізілмек

None
АСТАНА. Қыркүйектің 21-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қаржы министрлігі 2011 жылы мемлекеттік сатып алулардың аукциондық тәсілін әзірлейтін және оны ілкі режімде енгізетін болады. Бұл туралы бүгін Байланыс және ақпарат министрлігінде өткен Үкіметтің көшпелі отырысында Қаржы министрі Болат Жәмішев айтты.

Оның сөзіне қарағанда, министрлік аталмыш мәселені «Зерде»-нің еншілес компанияларының бірімен пысықтауда. Ал, 2012 жылы мемлекеттік сатып алулардың аукциондық тәсілі елімізде дәстүрлі тәсіл болуы тиіс. «Қазіргі уақытта электронды мемлекеттік сатып алу порталында 70 мыңнан астам қатысушы, соның ішінде 40 мың жеткізуші тіркелген. Порталға аптасына 30 мың адам кіріп тұрады. Тіпті кейде күніне 30 мыңға дейін адам кіреді», деді министр.